Сәрсенбі, Мамыр 18, 2022
Басты бет Жаңалықтар Жаңа оқу жылында оқушыларға тосын сый көп

Жаңа оқу жылында оқушыларға тосын сый көп

Ауданда зейнеттегі ардагер-мұғалімдері мен олардың ұрпақтары игі іс жасап жатыр. Яғни, өз қаржыларына ұзақ жыл ұстаздық еткен мектептерінің қос бірдей математика кабинетін жасақтап берді. Жоғарғы сыныптарға арналған математика кабинетін Бейсенбин А. демеушілік етсе, бастауыш сыныптардың кабинетінің негізін қалаушы Білімкүл Құлтаева.
70 жылдық тарихы бар мектебімізде сәл де болса жаратылыстану бағыты бойынша математика пәніміз ақсандап тұратын. Соған байланысты шәкірттеріміздің математикаға деген қызығушылығын арттыру ойы туындап, бір жыл ізденіп жүріп, мектеп директорының сенімінің арқасында осы кабинеттер ашылды. Жалпы, жөндеу жұмысына 3 млн. көлемінде қаражат жұмсалды. Ішіне интерактивті тақта, дидактикалық материалдар және оқу құралдарына дейін қойылған,-деді ардагер ұстаз.
№1 Ж. Жабаев атындағы орта мектеп 1938 жылы құрылған Білім ордасы 760 шәкіртке арналған, 2 ауысыммен жұмыс істейді. 98 ұстаз қызмет атқарады.
Дәл осындай заманауи жабдықталған химия кабинеті Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепте де оқушылар пайдасына берілді. Кабинетке мектеп түлегі Толебай Таңқыбайұлы демеушілік еткен. Тіпті, 10 адамға арналған лабараториялық зертханасы да бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments