Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖеке тұлғаның банкрот болуы туралы заң күшіне енді

Жеке тұлғаның банкрот болуы туралы заң күшіне енді

3 наурыздан бастап қарызға белшесінен батқан халықтың берешегі толық кешіріледі. Алдымен олар төлей алмайтындығын растауы қажет. Және бірқатар шектеуге мойынсынуы тиіс.

Ол үшін 3 түрлі рәсім қарастырылған:
— соттан тыс;
— соттан кейінгі;
— төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Банкроттыққа өтінім бергісі келетін тұлғаның несиесі кепіл салынған несие болуы керек. Сонымен қатар тұлға жұмыссыз қалғандығын немесе табысы төлем жасауға жеткіліксіз екендігін дәлелдеуі қажет.

Банкрот болған азамат 5 жыл бойы несие ала алмайды. 3 жыл барлық есепшоттарына қаржылық бақылау мониторингі жүргізіледі. Банкрот деп шешім шыққаннан кейін, еркін жұмыс істеп, тіпті кәсіпкерлікпен айналысуға да болады. “Миллиондап табыс тапса да, ешқандай шектеу жоқ”,- дейді қаржы министрлігі.

Банкроттықтан кейін алимент пен салықтан басқа барлық қарыз кешіріледі. Ал шетелге шығуға тыйым тек 2 жағдайда қаралған.
1. Банкроттыққа керекті қағаздарды тапсырғаннан кейін құжаттарды сәйкестендіру барысында;
2. Төлемқабілеттілігін қалпына келтіру кезінде бөліп төлеу графигін белгілегенге дейін сыртқа шығуға болмайды. Ал басқа кезде ешқандай шектеу жоқ.
Арызды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электрондық нұсқада тапсыруға болады. Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments