Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖемқорлықты жоюдың бір жолы – автоматтандыру

Жемқорлықты жоюдың бір жолы – автоматтандыру

Қазіргі таңдағы мəселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың белең алуы. Ол ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке мейлінше зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу – барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе.

Біздің ел – шет елдердің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші жəне бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері Президенттің жеке бақылауында тұр. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін əрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы керек. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның дамуына үлес қосатын болады.

Əрине, сыбайлас жемқорлық дəрі беріп емдейтін сырқат емес. Сыбайлас жемқорлық əрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекеттің əрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті. Шынында да, біз əділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Қазақстан жемқорлығы жоқ мемлекет құруды көздегендіктен, жемқолыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүргізуде. Оның негізгі мақсаты ашық мемлекет, кəсіби мемлекеттік аппаратты құру, заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету, бизнестің дамуына жағдай жасау болып табылады.

абылады. Осыған байланысты «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдар қабылданды. Сондайақ, «Ашық үкімет» жүзеге асуда, онда мынадай өзекті мəселелер қарастырылады: Ашық бюджет – бюджеттен жұмсалған қаражатқа қоғамдық бақылау жүргізу үшін азаматтарға ерік беріледі. Ашық мəліметтер – мемлекеттік органның жұмысы туралы мəліметтер қоғамға қолжетімді. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді құралдарының бірі автоматтандыру болып табылады. Бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Еліміздегі барлық қызмет көрсету салалары толығымен электронды қызмет көрсетуге көшкен жағдайда, қызмет көрсетудің тиімділігі артып, тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлық қысқара түседі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс.Сонда ғана сыбайлас жемқорлық азаяды. Елімізде қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатты қазынашылық ұжымымен бірге қолдаймын. Себебі əрбір мемлекет өзін бəсекеге қабілетті ел ретінде тану үшін тазалықты түп-тамырдан бастауы керек. Үкімет саясатының арқасында қазіргі таңда елімізде жемқорлық түбірімен жойылмаса да, азайды деп санаймын.

А.ƏШІРОВ, Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments