Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетUncategorizedЖЕМҚОРЛЫҚ – ТҮБІ ҚОРЛЫҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ТҮБІ ҚОРЛЫҚ

Тура биде тұған жоқ,

 Туғанды биде иман жоқ.

Төле би

 Сыбайластық жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі және үлкен әлеуметтік қасіреті болып тұр. Қандай мемлекет болмасын осы мәселені шешімін табуын алаңдатпай қоймайтыны анық. Бұрынғы ата-бабаларымыз да «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — деп турашылдықты ту еткен. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Олар жалған сөз тыңдауға құмар, харам нәрсені жеуге әуес»[1, 5.42]. Бұл аяттың мағынасын «жемқорлық» — деп Ибн Масғуд және де басқада тәпсірші ғалымдар тәпсірлеген[2, б.485]. Басқа бір аятта: «Бір-біріңнің мал-мүлкін (ұрлау, тонау, алдап-арбау, қиянат жасау, өсім белгілеу және құмар ойындары секілді) харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ оларды (яғни мал-мүліктеріңді) өздеріңе тиесілі болмаған дүниені алу һәм ел-жұрттың дүниесінің бір парасын біліп тұрып күнәлі жолдармен жеу үшін (пара ретінде) басшыларға беруші болмаңдар»[1, 2.188]. Имам әз Зәхәби (р.а) осыған қатысты: «Өздеріңе адал емес екенін біле тұра, өзгенін құқығын өз пайдаларыңа асыру үшін пара бермеңдер» — деп тұжырым жасаған[3, б.131]. Имам Журжан (р.а) «Жемқорлық – өзгенің құқығын бұзу үшін немесе өзі лайық болмаған ісі үшін берілетін ақы», — деген[4, б.148]. Имам Табарани өз хадис жинағында Ибн Омар (р.а): «Пара беруші мен пара алушыда тозақта» деген риуаятын келтіреді. Әбу Һурайра (р.а) мына хадисті риуаят еттеді: « Алла елшісі ( с.ғ.с) пара берушіні және пара алушыны лағынеттеді»[5, ]. Басқа бір риуаятта « пара берушіні және пара алушыны, екеуінің арасындағы делдалды да лағынет етті»[6, 1337х]. Лағынет сөзі — Алланың рахымынан алыстату деген мағынаға сай. Бұл аталмыш хадистен шығатын мағына – сол алған пара себепті ісінде, кәсібінде береке болмайды, тіпті арғы дүниеде жазасы Алланың мейірімінен алыс болмақ. Егер адам баласы бұл дүниеде жемқор болып, пара беріп, пара алып, небір заңдар мен жазалардан құтылатын болса, о дуние де құтылатын болса, онда қандай әділдік болар еді?!

 Жемқорлықтың түбі қорлық, ешқандайда байлық емес. Оның зияндарына тоқталар болсақ:

  1. Пара ақша харам. Харам нәрсенің ешбір берекеті болмайды.
  2. Қоғамға және жеке тұлғаға тигізер зияны көп.
  3. Әлсіз адамдардың құқықтарын бұзу.
  4. Ісіне сай, лайық болып тұрған зерделі адамдарды жолдан тайдыру.
  5. Зұлымдықтың жайылуына апарып соқтырады.
  6. Сенім жоғалып, қиянаттың таралуы. Адам баласы өзіне, малына, өзгеге сенуден қалады.
  7. Жемқорлық әділдік таразысын бұзады. Жалғанды жалпағынан басып жүргендерге зор мүмкіндік болары сөзсіз.
  8. Табыс көзі азаяды, адамдардың ар-намысы жерге тапталады.

Қорыта айтқанда, біздің дінімізде де қоғамымызда да сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Барлығымыз күш-жігерімізді біріктіріп, осы дертің алдын алумыз керекпіз.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтының азаматтық борышы.

Төкеш Нұрғали,

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ,

3-курс,исламтану факультетінің студенті 

 

Дереккөздер:

  1. Майда сүресі 42 – аят.
  2. Қуртуби тәпсірі 7 том, 485 б.
  3. Бақара сүресі, 188-аят.
  4. Имам Захаби кабайр кітабы, 131 б.
  5. Имам Журжани тағрифат кітабы, 148 б.
  6. Имам Тирмизи хадис жинағы, 1337 – хадис.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments