Вторник, 16 апреля, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖемқорлық – індет, жою – міндет!

Жемқорлық – індет, жою – міндет!

«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дəйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсеткен болатын. Осы стратегияны жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізіп, жемқорлыққа қарсы күресте бірқатар жобалар мен бастамалар қолға алынғанын атап айтты. Солардың қатарында «ADALDYQ ALANY» жобасы аясында Жамбыл ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мəдениет үйіне қарасты «Сүйінбай» театрының көркемдік жетекшісі Самат Нəбиевпен, «Ақ əжелер» ансамблінің жетекшісі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Күміс Кемелбекова «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты тақырыппен онлайн тікелей эфир өткізді. Сұхбат барысында мəдениет саласындағы жемқорлықпен күресудің жолдары, оның алдын алу жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптары қаншалықты орындалып жатқаны туралы айтылды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сəйкес құрылған аудандық штабтың жұмыс жоспарына мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мəдениет қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталу жағдайына жəне оның алдын алу жолдарын талқылау жөнінде «Құқықтық мəдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстелдер, ZOOM платформасы арқылы жиналыстар жəне т.б. іс-шаралар өткізіліп отырады.

Əрине, сыбайлас жемқорлық дəрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы саламатты, таза жəне сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кəсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу біздің міндет.

 С.АЛТЫНБЕКОВА,

Жамбыл аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments