Сейсенбі, Маусым 6, 2023
Басты бет Covid Жетісуда 1108 бизнес нысаны «Ashyq» жүйесінен шеттетілді

Жетісуда 1108 бизнес нысаны «Ashyq» жүйесінен шеттетілді

    Алматы облысында өткен тәулікте 120 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Өңірдегі індеттің өсу қарқыны-0,2% құрап отыр.
Кеше түні, 14 жасқа дейінгі 24 баладан, оқушылар арасында 14 және студенттер арасында 4 коронавирустық инфекцияға шалдыққан жағдайы тіркелген.
   Облыс бойынша КВИ ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,6%, Балқаш – 0,4%, Еңбекшіқазақ – 0,4%, Қаратал – 0,5%, Панфилов – 0,4%, Сарқан – 0,6% аудандарында Текелі қаласында-0,4% байқалады.
   Аймақта карантин шаралары енгізілген кезде, «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылғаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда 10 мыңнан бизнес нысаны аталмыш платформаның қатысушылары болып табылады.
   10 маусым мен 10 қазан аралығында карантиндік-санитариялық нормаларды бұзған 3 746 адам тіркелді, оның ішінде 2 797 адам «қызыл» және 949 адам «сары» мәртебеге ие. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға 5 863 170 теңге сомасына 134 айыппұл салынды. Сонымен қатар, COVID-19 науқастарымен байланыста болған азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау талабымен 391 қаулы шығарылды.
    Айта кетейік, санитариялық-карантиндік ережелерді бұзушыларды анықтаумен мониторингтік топтар белсенді айналысады. Жұмыс басталғаннан бері ШОБ субъектілеріне 6 568 тексеру жүргізілді, 1 108 бұзушы анықталды. Олардың барлығы 2 аптаға «Ashyq» жүйесін пайдаланудан шеттетілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments