Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысының «ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында ашық есік күні өтті

Жетісу облысының «ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында ашық есік күні өтті

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың
жоғары оқу орындарының студенттері үшін «ANTIKOR ОRTALYGY»-на шолу экскурсиясын өткізді.
Іс-шараға жоғары оқу орнының білімгерлері қатысты. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығының негізгі бағыттарымен, құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу рәсімімен танысты. Офицер М. Бикқұлова азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібін түсіндірді.
««ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кедергісіз қабылдауға арналған ашық алаң. Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ, жас, сауатты және білікті мамандарды тартуға бағытталған», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеу басқармасының басшысы Айдос Жетпісбаев.
Ашық есік күніне келген білімгерлер орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, мамандықтарына байланысты мәліметтер алды.
«Бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орталығының жұмыстарымен таныстық. Орталықта тергеу әрекетінің әдістері, тәсілдері және түрлерін білдік. Біз секілді білімгерлерге жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне алғыс білдірміз», – деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2-ші курс студенті Айсұлтан Талғат.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments