Жексенбі, Қазан 2, 2022
Басты бет Жаңалықтар Жетісу өлкесінің тарихы топтасқан кітаптың тұсауы кесілді

Жетісу өлкесінің тарихы топтасқан кітаптың тұсауы кесілді

 

Ұлы даланың рухани байлығымен қайта қауыштыратын, қоғамдық санада ұлттық мұраны жаңғыртуға ықпал ететін кезекті қазына оқырман қауымға жол тартты. Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «История цивилизации непокорной степи» кітабының тұсауы кесілді.
Аталмыш туынды 4 томға негізделген. Мұнда тасын түрсең, тарихы сөйлейтін Жетісу өлкесінің өткені қамтылған. Кітапты жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі, профессор, тарих ғылымдарының докторы, мәдениет қайраткері Гүлнар Абдуллақызы.
Туындының бірінші томы «Таста қалған тарих» деп аталады. Бұл бөлімде тас дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі қоныстар, қорымдар, ертедегі қалашықтар туралы мәліметтер жазылған. Ақпараттардың барлығы Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласын қамтиды. Сондай-ақ, әрбір ауылдық округтердің өзіне тән сыры мен бұқара білуі тиіс шежірелері айшықталған.
Екінші кітап, «Дала тарихы» деген атты өзіне арқау еткен. Ертедегі адамдардың өмір салты, Түркі қағанатынан бастап, Керей, Найман мемлекеті туралы сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезіндегі Шыңғысханның дәуірі мен қазақ батырлары жайында мағұлматтар берілген.
Шығарманың үшінші томында «Өркениет тарихы» турасында тың деректер топтастырылған. Кітап авторлары аталған бөлімде қазақтың киіз үй жайлы ақпаратпен ақпарақ бетін көмкерген. Бұдан бөлек, петроглифтерде өркениеттің дәлелі ретінде туындының шырайын келтіріп отыр.
Одан басқа, ақтар мен қызылдардың тартысы, 37 жылдардағы нәубетке дейінгі мәліметтер бір туынды аясында ықшамдалып басылған.
Кітап тек қара сөзбен жазылып қоймай, суреттермен көмкерілген. Мұндағы мақсат, шетел асатын туындыны көргенде мұхиттың арғы жағындағы ұлттар әсем өлкенің көзтартар сұлулығына тамсанса, осы арқылы келетін туристердің санын арттыру.
Кітап авторы Гүлсара Капекова өз сөзінде, жинаққа кірген мәлімттерді 30 жылдан астам уақыт жинағандығы туралы айтып өтті.
«Зерттеу жұмыстарымды бастаған кезде Жетісу жерінде 200-ден аса қала болған екенін білдім. Сол ақпарды біраз адамға көрсеткенде маған сенбеді. Талай тарих уысымыздан шығып кетті. Біз немқұрайлы қарадық. Тұтас тарихты сақтай алмадық. Бүгін осы олқылықтың орнын толтыратын сәт келді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы барша ұлт жанды азаматтардың төл тарихын түгендеуге түрткі болған бастау деп айтар едім. Көпшілікке жол таратын бұл туынды да шежіреміз бен тарихымызды құнттайықшы деген ойдан туындады. Біз көршілес елдердің тарихын білеміз. Ал біздің елдің өткенін неге өзгеге танытпасқа. Айтарымыз бар, үлгі көрсетуге тұрарлық елміз. Ендеше, ұлтымыздың тарихын әлем танитын сәт туды»,-дейді кітап авторы Гүлнар Абдуллақызы.
Отанға деген асқақ патриоттық сезімнің желеуімен жазылған туындыға қызығушылық танытқан шетелдіктер аза емес. Алдағы таңда Ағылшын, Француз ғалымдары бірегей кітапты аударуға ниеттеніп отыр. Осылайша, мың кітапқа арқау болар қазақ тарихы қыр асып, алты құрлықтың төсінде жазылмақ. Мәңгілік елдің, өлмес мұраты жолындағы ақ таңның арайлы шуағы, төрткүл дүниеге тарады деген осы емес па?. Тағдыры тасқа қашалып, тарихқа айналған байтақ даланың ұлы есімдері сеңгір көкте самғасын.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments