Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖетісу өңірінде медицина мамандары тапшы

Жетісу өңірінде медицина мамандары тапшы

Жетісу өңірі 202 медицина маманына тапшы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров мәлімдеді. Спикердің айтуынша, кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында мамандарды баспанамен, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету және де оларға әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.

«Бүгінд Ел президенті тапсырмасы бойынша ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Онда денсаулық сақтау саласын жаңғырту келесі жылдан бастау алмақ. Жетісу облысының 59 нысаны аталған жаңғыртуға енді. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Сондай-ақ, биыл облыстың 6 ауданында 12 блок-модульдік конструкция орнатылуда. Оның 5 нысаны қазіргі уақытта қолдануға берілді. Бұл орталықтар Көксу ауданында, Ескелді ауданында және Алакөл ауданында. Қалған 7 нысан желтоқсан айының басына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Панфилов орталық аудандық ауруханасы жаңғыртудан өтті. Панфилов ауданының тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін қосымша бөлімшелер ашылады» — дейді Арман Жансеңгіров.

Сонымен қатар, Жетісу облысының медициналық мекемелерінде «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы тұрақты түрде жүргізілуде. Ұсынылған бос жұмыс орындарына әр апта сайын талдау және жаңарту жүргізілмек. Үміткердің біліктілік деңгейіне және кәсібилігіне қарай, персоналды іздеу және іріктеу жүзеге асырылады. Биыл Жетісу облысының медициналық ұйымдарына 82 дәрігер келіп, «Enbek.kz» порталы арқылы қабылданған. 2021-2022 жылдары біліктілікті арттыру үшін облыс дәрігерлері Түркия, Ресей, Беларусь сияқты шет елдерде білім алып келді. Бүгінде өңірдеа 361 ұйым медициналық көмек көрсетуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments