Среда, 24 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖол-көлік оқиғасының 46% елді мекендерде орын алады

Жол-көлік оқиғасының 46% елді мекендерде орын алады


Алматы облысында 5 ай ішінде облыс автожолдарында 840 жол-көлік оқиғалары тіркелген, онда 129 адам кайтыс болып, 1297 адам жарақат алды. Бұл туралы «Jetisy Media»ақпараттық алаңында мәлім болды.
Жетісу жерінде Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 185 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Олардың 8-і көз жұмса, 227-сі түрлі жарақат алған.
Ал, жаяу жүргіншілерді басу нәтижесінде 50 адам қайтыс болып, барлығы 251 оқиға анықталған. Оның ішінде 47 факті жаяу жүргіншілердің өз кінәсінен екені айқындалған. Ресми мәліметтер, жол-көлік оқиғасының 46% елді мекендерде орын алатындығын көрсетіп отыр.
«Жол-көлік оқиғаларын жасаудың негізгі себептері жүргізушілердің жеке тәртіпсіздігі, яғни белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру, сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарда көлік ағымы көп шоғырланған белгіленбеген орында немесе жақын келе жатқан көлік алдында жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып табылады»,- дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Ашимов.
Спикердің сөзіне сенсек, полиция қызметкерлері жыл басынан жол көлік қозғалысының 140 мыңңан астам бұзушылықтарын тіркеген, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 69,1% артық.
Мамандар, әлі күнге масаң күйде көлік тізгіндейтіндердің қарасы азаймай тұрғанын айтып бағуда. Ресми деректер, ағымдағы жылы көлік құралын мас күйде басқарудың 491 фактісі тіркелген екен.
Қазіргі таңда, жол кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл мақсаттарда ағымдағы жылдың басынан жалпы ұзақтығы 36 293 км құрайтын автожолдар мен көше-жол жүйелерін зерттеудің 1048 тексерулері жүргізілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments