Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылЖоңғар Алатауындағы шыңға «Жастар» атауы берілмек

Жоңғар Алатауындағы шыңға «Жастар» атауы берілмек

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай Жастар шыңы» туристік жорығы ұйымдастырылады. Аталмыш шараның өтуіне Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы мұрындық болып отыр.
Жорық 2021 жылдың 20-23 тамыз күндері аралығында өтеді. Шарға тәжірибесі бар альпинистермен қатар, жас мамандар да қатысады.
Алматы облысы Жоңғар Алатауында орналасқан тау шыңы теңіз деңгейінен 3500-3700 м биіктікте жатыр. Дәл осы шыңды өңірдің кіл мықты 5 альпинисті бағындырмақ. Айта кетейік, аталған шыңға бұған дейін адам аяғы тимеген.
«Біздің мақсатымыз, Жетісудың көрікті орындары мен сакралды жерлерін насихаттау, Жетісу өлкесін туристік орталыққа айналдыру, жастар арасында туризімді дамыту, туризм түрлерін жастарға үйрету, жастар және студенттік туризімді қалыптастыру, облыс аумағындағы жаңа туристік жолдарды ашу, танымдық-экспедициялық бағыттағы жұмысты жандандыру»-дейді Алматы облысының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Еркебұлан Ақболатов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара аясында Алматы облысы Жоңғар Алатауында орналасқан шыңға «Жастар шыңы» атауы беріледі. Бүгінгі күні, альпинистерге қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде толықтай алынған. Жауаптылар жорыққа сақадай-сай.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments