Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖылдам қалпына келу және жоғары тиімділік

Жылдам қалпына келу және жоғары тиімділік

Қаратал ауданының дәрігерлері аз инвазивті хирургиялық әдістерді кеңінен қолдануда
Қаратал аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер науқастың бауырынан аз инвазивті әдіспен ота жасап, кистаны алып тастады.
Эхинококкоз-бауырдың кең таралған паразиттік ауруы. Бауыр эхинококкозын емдеудің негізгі және тиімді әдісі-лапароскопиялық эхинококкэктомия. Бұл әдіс хирургтарға іштің алдыңғы бөлігін кеспей кистаны алып тастауға мүмкіндік береді. Операция кішкентай пункциялар арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде пациент денесі аз жарақаттанады, қатты ауырсынуды сезбей отадан кейін тез оңалады.
«1997 жылғы науқас сегізінші сегменттегі бауыр эхинококкозының алдын ала диагнозы бойынша хирургия бөліміне жоспарлы түрде жатқызылды. Операция алдындағы дайындық, яғни толық тексерістен МӘМС шеңберінде өтті. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, оңалту кезеңі жақсы аяқталды, өйткені оған ота аз инвазивті лапароскопиялық эхинококкэктомия әдісімен жасалды. Баршаңызға мәлім, операцияның бұл әдісі пациентке тез қалпына келуге және 3-4 күнде жазылып ауруханадан шығуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Қаратал орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Арман Әбділдинов.
«Мен шетелде вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Кезекті медициналық тексеру кезінде менде бауыр эхинококкына күдік болды, содан кейін мен туған қалам Үштөбеге оралып, орталық аудандық ауруханаға бардым. Маған бірқатар анализдер тағайындалды және диагноз расталды. Хирургпен кеңескеннен кейін операция күні белгіленді. Ауруханаға жатқан соң 2 күннен кейін маған ота жасалып, киста алынып тасталды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Барлық талдаулар мен операциялар маған тегін жүргізілді, мен тек МӘМС үшін банктің мобильді қосымшасы арқылы жарналар төледім», — дейді Шамиль Межидов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments