Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖұмыс беруші еңбек шартында төрт күндік жұмыс аптасын белгілей алады

Жұмыс беруші еңбек шартында төрт күндік жұмыс аптасын белгілей алады

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жарияланды. Оған сәйкес жұмыс берушіге бес және алтын күндік жұмыс аптасымен қатар төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге де мүмкіндік берілмек. Бұл өзгеріс шілде айынан бастап тәжірибеге енгізіледі. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар алаңында Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы мәлімдеді.
«Айтылған норманың негізгі мақсаты – жұмыскерлердің өзінің еңбек уақытын тиімді пайдалану. Мәселен, жұмыскердің қалыпты 1 күндік жұмыс уақыты 10 сағатты құрап, ол 4 күнде өзінің бір апталық міндеттерін орындай алса онда ол жұмыскерге жұма күні демалыс беріледі», – дейді спикер.
Спикердің айтуынша, 5-6 күн жұмыс істеп көңіл бөле алмай жүрген жандар үшін бұл тиімді болмақ. Осылайша еңбек өнімділігі де артады дейді мемлекеттік еңбек инспекторы. Алайда, төрт күндік жұмыс аптасы барлық салаға бірден енгізілмейді. Мәселен, 5 күндік жұмыс кестесімен бір апталық жұмыс, 4 күндік жұмыс кестесімен екінші апта сияқты жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе кеңсе қызметкерлеріне қолданылады және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
«Аптаның қай күні үшінші демалыс болатынын тараптар өздері келісіп алады. Алайда ол жалақыға еш әсерін тигізбейді және қызметкер жұмыс уақытын бұрынғыдай айына 40 сағатқа толтыру керек. Яғни, бір апта 4 күндік жұмыс істеген жұмысшы келесі апта 6 күн жұмыс істеуі мүмкін. Сондай-ақ мұндай кесте қызметкердің еңбек демалысының ұзақтығы мен жұмыс өтілін есептеуге әсер етпейді», – деді Еркін Дәулетұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments