Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Кел, шәй ішейік» – Алматы облысында ерекше акция ұйымдастырылды

«Кел, шәй ішейік» – Алматы облысында ерекше акция ұйымдастырылды

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Кел, шәй ішейік» акциясын ұйымдастырып, аязда Қонаев қаласының көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды

Белсенді жастар қала ішін аралап, жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді ыстық шәйға шақырды.

«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деген сөз бар, бүкіл адамзат баласы басқа тұлғаның еңбегін бағалай білу керек. Бұл акцияны «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері жыл сайын өткізеді. Мақсат – коммуналдық қызмет қызметкерлеріне осындай аяз күндері атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіру. Кейде, күнделікті өмірде, бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамайды. Олар қаламызды таза тазалау үшін жұмысқа таңғы 4-те тұрып келеді», – дейді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, Алматы облысының мәслихат депутаты Әсел Заирова.

Қонаев қаласының тұрғындары мен үй-шаруашылығы коммуналды қызметкерлері белсенділерге алғыс білдірді.

«Құрметті отандастар, «Жастар рухы» жастар қанаты қыстың суық күндері адамгершілігімізді жоғалтпай, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға шақырады! Бізбен бірге жылулық сыйлаңыздар!» – делінген хабарламада.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments