Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарКербұлақ ауданында 300 баланы қамтитын өнер мектебі ашылады

Кербұлақ ауданында 300 баланы қамтитын өнер мектебі ашылады

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өңір жұртшылығы ауыз толтырып айтылар қуанышқа бөлейтін, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы салынып жатыр.Солардың бірі – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында, Кербұлақ ауданында салынып жатқан Өнер мектебі.

Бір ауысымда 50 орынға есептелген, яғни күніне 300-ге жуық жас талантты балаларды қамту мүмкіндігіне ие. Өнер мектебінде көркемдік сыныптар, фортепиано, қобыз, домбыра, баян және би студиясы бар. Сондай-ақ, техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталған 100 орындық акт залы да қарастырылған. Бұл өнер мектебі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта алатын алғашқы нысан болатынын атап өткен жөн.
Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Кербұлақ ауданында көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Сарыөзек ауылындағы 40 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы және 50 жеке үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған үйлер әкімдікке үй кезегіне тіркелген азаматтарға, соның ішінде алдымен көп балалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға реттілігі бойынша табыс¬талады.
Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешені, орталық әскери спорт клубының спорт кешені, 98 жазықтық құрылғылар, 39 спорт зал және 8 жапсарлас спорттық зал ашылып, жалпы 147 спорттық нысан халыққа қызмет етуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments