Пятница, 8 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарКоммуналдық қызметке тарифтер қашан және қаншаға өседі?

Коммуналдық қызметке тарифтер қашан және қаншаға өседі?

Шілдеден бастап елімізде электр энергиясына тариф көтеріледі. Ал күзде қазақстандықтар жаңа тарифтермен есептелген жылу мен ыстық су түбіртектерін ала бастайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Ә.Қуантыровтың айтуынша, республика бойынша тарифтердің орташа өсімі аймаққа және табиғи монополия субъектісіне байланысты 10-нан 30 пайызға дейін болады.

«Негізгі үлес бюджеттік ұйымдарға түседі, мұны халыққа барынша жеңіл істейміз», — деді Қуантыров Мәжіліс жиынында.

Алдағы өсім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және тозығы жеткен желілерді жаңғырту қажеттілігіне байланысты. Осыған байланысты электр және жылумен қамтамасыз етуден бөлек, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері де қымбаттайды.

«Суға (өсім. — еск.) жоспарланып отыр, өйткені сумен жабдықтау және канализацияда да өте тозған желілер бар, оларды жөндеу керек. Әсіресе — суды бұру. Ол жерге қазірдің өзінде үлкен инвестиция қажет», — деді министр.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments