Вторник, 23 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлер ішімдіктер мен темекі өнімдерін қоспағанда, ілеспе жүк құжаттарын растауға міндетті емес

Кәсіпкерлер ішімдіктер мен темекі өнімдерін қоспағанда, ілеспе жүк құжаттарын растауға міндетті емес

 

2021 жылдан бастап Қазақстанда ЭСФ АЖ-нің «Виртуалды қойма» модулінде электронды түрде тауарларға ілеспе жүк құжаттарын енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында айтылды.

Тауарларға ілеспе жүк құжаттарын толтыру міндеті жүктелген тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оларды тіркеу және олардың жұмыс процесі ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген.

«Пилоттық жобаға тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО аумағынан әкелу, ДСҰ босату тізімінен тауарларды, акцизделетін тауарларды және Қазақстан Республикасынан ЕАЭО-ға мүше емес елдерге шығаратын тауарларды сатумен байланысты қызметі, сондай-ақ ДСҰ-дан босату тізімінен тауарларды сату және виртуалды қойма арқылы тауарлаға ілеспе жүк құжаттары тапсырылатын қызметі қатыса алады»,- дейді Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Дәулет Жиенбай.

Қандай жағдайларда тауарларға ілеспі жүк құжаттары берілмейді:
• бөлшек саудада тауарларды кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа мақсаттарда пайдалану үшін сатып алатын жеке тұлғаға соңғы тұтынушыға сату кезінде (бұдан әрі — соңғы тұтынушы);
• тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан магистральдық құбырлар жүйесі арқылы және (немесе) электр қуаты арқылы импорттау / әкету кезінде;
• алкогольдік ішімдіктерден басқа тауарларды бір адамның ішінде және (немесе) бір адамның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;
• қайтарылатын ораманы жөнелту кезінде, мұндай орау ДСҰ босату тізіміне енгізілген жағдайларды қоспағанда;
• тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО аумағынан әкелу кезінде, ол арқылы тасымалдаудың басталатын орны ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің аумағы болып табылады;
• тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО аумағына әкету кезінде, тағайындалған ел ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын ЕАЭО аумағына, ДСҰ босату тізімінен тауарларды қоспағанда және (немесе) акцизделетін тауарлар және (немесе) виртуалды қойма арқылы шығаруға жататын тауарлар;

Тауарларға ілеспі жүк құжаттары Виртуалды қойма арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде шығарылады және ЭЦҚ-мен қол қойылады.

Айта кетейік, соңғы тұтынушыға, кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын салық төлеушіге сату кезінде сонымен қатар, халықаралық рейстерді, халықаралық әуе тасымалын орындайтын шетелдік әуе компанияларының әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағар май материалдарын сату кезінде алушының тауарларға ілеспе жүк құжаттарын растауы қажет емес.

Егерде бөлшек саудамен айналысатын болсаңыз, онда сізде алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін сатуды қоспағанда, тауарларға ілеспі жүк құжаттарын растауға міндетті емессіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments