Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedКәсіпті нәсіп қылғыңыз келсе...

Кәсіпті нәсіп қылғыңыз келсе…

Құрметті аудан тұрғындары!

Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясындағы бағдарламаның бірінші бағыты «қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бағдарламасына қатысуға кеңес береді.Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтарға арналған таптырмас мүмкіндік. Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімдік кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша сәуір айының 1-нен  бастап  Іле ауданы Казцик ауылында орналасқан «Фирма Бент» ЖШС-де  «Физика-лабороториясының көмекшісі», «Механикалық тестілеу», «Техникалық бақылаушы»  мамандықтары бойынша оқытады.

Осы мамандықтарды игеру үшін практикалық әдісті қолдана отырып,  жұмыссыздық деңгейді азайту көзделіп отыр.  Қысқа мерзімдік оқудың сертификатын алған соң мемлекеттік гранттарға және төмен пайыздық несие рәсімдеуге мүмкіндік туады.

Егер сіз жұмыссыз болсаңыз,  оқығыңыз келсе  1 наурыздан  бастап халықты жұмыспен қамту орталығына барып құжат тапсыруыңызға болады. Толық ақпаратты 87475055598 телефон нөмеріне хабарласып аласыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments