Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарМасылдыққа бой алдырмайық

Масылдыққа бой алдырмайық

Ел Президентінің биылғы Жолдауында көптеген өзекті мәселелер тақырыбында әңгімелер қозғалды. Ауыл халқына көңіл бөлу керек деп Жолдауын бастаған Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауын біздің елдің азаматтарының әрқайсысы біздің басты байлығымыз. Мен ел Президенті үшін сіздердің алдарыңызда жауаптымын деп қорытындылады. Бұл Жолдауда талқыланбаған мәселе болмады. Қай тақырыпты алып қарасаңыз да елдің болашағы үшін жасалып жатқан тың идеяларға толы. Мал шаруашылы, жер мәселесі, тіл, жалақы сияқты тақырыптар төңірегінде сөз қозғаған мемлекет басшысы халықтың масылдық қылықтан арылу керектігі жөнінде де айтып өтті. Масылдық жайында өз Жолдауында: «Біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен топтарға көмек беруді тоқтатпаймыз. Бірақ кейбір жандар ашкөздікке салынып, түрлі айлакерлікке барып, масылдық сипатға ие болып, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны иемденіп алды. Соның салдарынан шын мұқтаж болып отырған мыңдаған жан бұл жақсылықтан мақұрым қалды. Алдағы уақытта да біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға көмек көрсететін боламыз. Бірақ бұл жолы заңбұзушылыққа жол берілмейді»,-деді.

Расымен атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді естіп кейбір жандар қағаз жөнінде ажырасып, өзі жесір, баласын жетім атандырып, масылдыққа салынып масаттанып жүрді. Сондай жандардың кейбірінің қылмысы ашылып, жауапқа да тартылды. Бірақ көбі жауапкершіліктен жалтарып кетті. Алдағы уақытта да аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен жандарға бөлінетін қаржылық көмек кезінде осындай олқылықтар орын алмаса екен деп тілейміз. Мемлекеттен берілген қаражат шын мұқтаж жандарға берілсе, біз бір отбасының тығырықтан шығуына үлкен көмек көрсетеміз. Сол үшін масылдыққа бой алдырмайық ағайын!

Батырхан Мендебаев,

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments