Дүйсенбі, Қаңтар 30, 2023
Басты бет Жаңалықтар Медициналық сақтандыру Қоры Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Медициналық сақтандыру Қоры Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалы Еңбекшіқазақ ауданында халық алдында есептік кездесу өткізді. Шараға филиал басшысы Нұрлан Отарғалиев, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Жамиля Абеуова қатысты.
«Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданында 81 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл дегеніміз халықтың осы бөлігіне МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтердің қолжетімсіз болуы. Барлығына белгілі елімізде 3 жылдан бері барлық азаматтарға медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылып келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу арқылы сіз өзіңіз таңдаған кез – келген медициналық мекемеге, басқа қаладағы жеке клиникаға немесе үнемі қызмет алып жүрген мемлекеттік емханаға медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік аласыз»,-деп атап өтті Нұрлан Отарғалиев.
Осы орайда, ауданда сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқаралып келеді. Олардың ішінде медициналық көмек көрсету сапасын жоғарлату, кадрлар тапшылығын төмендету, халықты жұмыспен қамту, сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытуға мүмкіндік туғызу және тағы басқа да бағыттар бойынша жұмыстар бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments