Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарМіндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қарсы петицияны қолдаушылар саны артып келеді

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қарсы петицияны қолдаушылар саны артып келеді

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қарсы петицияны қолдаушылар көбейіп жатыр. Екі ай бұрын жарияланған жазбаша үндеудің авторлары ай сайын төлем жасайтын адамдардың өздері дұрыс ем қабылдай алмай жүр дейді. Оның үстіне азаматтардың жалақысынан ай сайын аударылатын ақшаның есебі жүргізілмейді деп отыр. Ал мұндай наразылық үндеуіне қарапайым халықтың пікірі қандай? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері не дейді?

Қазан айында жарияланған онлайн петицияны қолдаушылар саны қазір жеті мыңға жуықтаған. Жүйеге қарсылық білдіргендер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды мүлдем алып тастауды талап етеді. Мәселен адамдар апталап дәрігерлердің қабыладуына кіре алмай, тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр дейді. Ал біз халықтың пікірін сұрап көрдік. Ал сақтандыру қорының өкілдерінің айтуынша ай сайын қорға аударылатын ақша азаматтардың қалтасына салмақ салмайды. Тек елдегі ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты төлем құны өзгеріп отыр дейді.

ЖАДЫРА САТТАРОВА, ҚР әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің маманы:

– Бұрын санаулы адамдар ғана мед көмекті тегін алып келсе, қазір оның саны бірнеше есе артты. МӘМС жүйесі жинақтаушы болып табылмайды. Және жеке шоттарды қарастырмайды. Егер жеке шоттар қарастырылған болса, көптеген пациенттердің алатын медициналық көмегі шектеулі болар еді. Және жоспарлы медициналық қызметті толық көлемде ала алмас еді.

Айта кетейік, биыл ең төменгі жалақы көлемінің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемінде де өзгерістер бар. Мәселен жұмыс берушілер қызметкер жалақысының 3 пайызын осы төлемге аударады. Ал келісімшарт арқылы жұмыс істейтін азаматтар айлық табысының 2 пайызын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жібереді. Бірақ ол үшін төлем жасаушылардың табысы 850 мың теңгеден аспау керек. Одан бөлек жеке кәсіпкерлер 6 мың теңге көлемінде, ал өз еркімен төлем жасайтын азаматтар ай сайын 4250 теңге төлеуі тиіс.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments