Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарПОЛИЦЕЙЛЕР МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖЕТІ КЕҢЕС ҰСЫНДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖЕТІ КЕҢЕС ҰСЫНДЫ

Жамбыл ауданының полицейлері мал ұрлығымен қалай күресуде? Бұл туралы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Тегенбаев айтып берді.

«Жамбыл ауданында мал ұрлығының алдын алу және оны ашу міндеті бірінші кезекке қойылған. Мал ұрлығының басым бөлігі олардың жайылымда қараусыз қалуы салдарынан орын алады. Азаматтардың жоғалған малды өздері іздеп, 3-10 күннен кейін арызданғаны да теріс әсер етеді. Көбінесе, азаматтардың малды күзетуде шара қолданбаулары жоғалған малды және қылмыскерлерді ұстауда ауыртпашылық тудырады», — дейді Жамбыл АПБ бастығы, полиция полковнигі Асхат Тегенбаев.

Жамбыл ауданының полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында төмендегі жадынаманы ұсынады:

1)Технология барлық салаларды қамти отыра біздің өмірімізге еніп кеткені бәрімізге белгілі, ауыл шаруашылығы да одан тыс емес. Ірі қара малдардың қозғалысын бақылауда GPS трекер тиімді шешім болып табылады. Себебі, спутниктік антенналардың бағдарламалық жасақтамасының көмегімен мойнына жаға тәріздес сезгі (датчик) тағылған жануарлардың нақты жүрген жерін анықтауға болады. Ірі қара мал бұндай «трекерге» қарағанда әлдеқайда қымбат, сонымен қатар, табынның «көшбасшысын» ғана трекермен жабдықтау жеткілікті.

2)Ең алдымен жануарды сәйкестендіру қажет, таңба қойдыру, мүмкіндігінше трекерлермен жабдықтау;

3)Жануарлар тұратын орындардың қоршауын күшейту, олардың көп шоғырланатын жерлеріне жарықтар, мүкіндігінше бейнебақылау камераларын орнату өте маңызды;

4)Малды ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмау;

5)Жайылымдарда шопандардың малды ұжымдық жаюын ұйымдастыру;

6)Мал ұрлығын полиция қызметкерлеріне жедел хабарлау үшін, шопандарды мобильді байланыс құралдарымен жабдықтау;

7)Барлық шопандарға егер мал жайылым аумағында таныс емес автокөлік немесе атпен жүрген тұлғалар пайда болған жағдайда, шопандар олардың қандай мақсатпен жүргендерін, кімге келгендері туралы міндетті түрде сұрастырулары қажет. Таныс емес тұлғаларды және олардың автокөліктерін фото және бейне таспаға түсіру; Олардың пайда болғаны туралы жедел түрде учаскелік полиция қызметкеріне хабарлау жайында нұсқау беру қажет.

Жамбыл ауданының бас полицейі осы жеті кеңеске назар аударылса, қылмыс саны айтарлықтай азаяды. Мәселен, жыл басынан бері Жамбыл ауданы аумағында мал ұрлығы бойынша 49 дерек тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған 243 бас малдың 43 басы заңды иелеріне қайтарылған. Жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыра отырып, бұрын жасалған тағы 9 қылмыс ашылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments