Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарПремьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысының көлік-логистикалық және өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысының көлік-логистикалық және өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

Отандық өндірісті жолға қою арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін бірқатар нысан тексерілді. Мақсат – импортты алмастыру және экспортқа бағдарлау.

Атап айтқанда, «Жетіген» жаңа көлік-логистикалық орталығы мен G-TRANS Service индустриялық-логистикалық хабы құрылысы, сондай-ақ «Қайрат» және «Даму» индустриялық аймақтарын кеңейту жұмыстарының барысы тексерілді.

Логистикалық орталықтарды аралау барысында Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытудың өзектілігіне тоқталып, жобаларды табысты іске асыру үшін жетіспей тұрған коммуникацияларды жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Бұл жұмысты Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында аяқтау қажет. Сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңыздылығы атап өтілді.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында көлік-логистикалық әлеуетті іске асырудың стратегиялық маңыздылығын атап көрсетті. Зор перспективаларды ашатын осы елеулі артықшылықтарды пайдалануымыз керек. Біз сауда мен жалпы экономикаға ұтымды әсер ететін жаңа жобаларға қызығушылық танытып отырмыз. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп жатырмыз, бизнестің жұмысы үшін қажетті жағдай жасап, тиісті коммуникациялар құрылады. Сонымен бірге кәсіпорындардың өздері үнемделген қаражатты өнім сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құра отырып, одан әрі кеңейтуге бағыттай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мәселен, Жетіген ауылында қуаттылығы жылына 500 мың контейнерге дейін, жалпы жүк айналымы 5 млн тоннаға жететін Орталық Азиядағы алғашқы ірі индустриялық-логистикалық хабтың салынуы 3,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоба нысанның ҚХР шекарасына жақын орналасуы есебінен Орталық Азия елдерімен және Қытаймен жүк ағынын арттыруға бағытталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments