Сәрсенбі, Наурыз 29, 2023
Басты бет Қоғам Сабырлық пен амандық бар тілерім

Сабырлық пен амандық бар тілерім

Турция арман қалам қиялдаған,
Не болды көз тидіме мұнша саған.
Құдайым жар бола көр баршасына,
Сабырлық бере көрші бар халыққа.

Үйіндінің астындағы тірі адамдар,
Табылса екен бар тілерім жақсы жаққа.
Кішкене бөбектерді сақта Аллам,
Ата-анасы «балапан» деп шырылдаған.

О, Аллам сақтай көрші бұл бәледен,
Түсім болса екен деп үміттенем.
Жоқ, бірақ мүмкін емес елестету,
Мұнша қиын сәттерді тез ұмыту.

Зілзала түбімізге жетпесе екен,
Қазақтың басына да келмесе екен.
1 ғана суреттермен елжіретіп,
Жүрегім ортасынан қақ бөлінген.

Мыңнан аса адамды алып кеткен,
Бұл қиындық қанша адамды құрбан еткен.
Ата-ананы баласымен сынамасын,
Ал баланы отбасынан айырмасын.

Әр елдің қиындығы бізбен бірге,
Қайғысына ортақпыз мына бізде.
Сабырлықпен амандық бар тілерім,
О Аллам, зілзаланы бізге әкелме!

Қыдырбаева Нұрсұлу

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments