Бейсенбі, Мамыр 19, 2022
Басты бет Жаңалықтар Сайлау науқанына жұмыс қарқынды жүруде

Сайлау науқанына жұмыс қарқынды жүруде

Алматы облысында 71 ауылдық округ әкімін сайлау науқанына қатысты жұмыс қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда үміткерлердің ұсынымын қабылдау аяқталды. Алдағы кезекте үгіт-насихат жұмыстары мен әкімдерді сайлау ісі тұр.
279 тұлға ұсынымдарын жіберіп үлгерген. Оның ішінде 93-і саяси партияның өкілдері болса, 186 азамат ауылдық округті басқаруға қауқарлымын деп, өзін-өзі ұсынғандар. Айта кету керек, Ақсу, Алакөл, Кеген, Кербұлақ, Панфилов аудандарына қарасты ауылдық округтеріне әкім болып сайланамын деушілер өзін-өзі ұсынған.
Кандидаттар арасынан 243-і талапқа сай келсе, 16 тұлға саяси бәсекеден шет қалды.
Ауылдық округті басқаруға бағын сынап жатқандардың ішіндегі ең жасы Жантас Амангелдіұлы. Жасы 25-те. Алакөл ауданының Теректі ауылдық округін басқармаққа өз кандидатурасын ұсынғандардың бірі. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты, Балтабай ауылдық округінің тізгінін ұстамаққа ұсыным берген Жұман Мықтыбаев, үміткерлердің ішіндегі ең үлкені. Оның жасы 62-де.
«154 үміткер жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде 35 үміткер қайта сайлану арқылы дауысқа салынады. Орташа бәсекелестік – 3,9 адам. Барлық округтерде үміткерлердің саны 3-тен көп. Ең көп үміткер тіркелген аймақ, Іле ауданы Чапаев ауылдық округі. Мұндағы кандидаттардың саны 9-ы құрап отыр», – дейді Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments