Четверг, 7 декабря, 2023
Басты бетUncategorizedСайлау нәтижесі

Сайлау нәтижесі

2023 жылғы 5 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің сайлауы өтті. 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша сайлаушылар тізіміне 105 895 азамат енгізілген. Дауыс беруге – 68 196 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 172 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3 адам.

Жамбыл ауданы әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

☑️ Базарбаев Жанғали Мұратбекұлы үшін сайлаушылардың 4413 дауысы берді;

☑️ Ертас Нұрлан Ертасұлы үшін сайлаушылардың 58 661 дауысы берілді;

☑️ Шортанбаев Ғани Мұқанұлы үшін сайлаушылардың 4142 дауысы берілді.

☑️ <Барлығына қарсы> белгісі бар бюллетеньдер саны – 678.

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  қорытындыларымен Жамбыл ауданының әкімі болып:

Ертас Нұрлан Ертасұлы сайланды.

Ертас Нұрлан Ертасұлы —

1980 жылы 2 шілдеде  Жамбыл ауданында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 

Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған. 

Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары,  Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болды. 

2021 жылдың мамыр айынан басткп Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments