Воскресенье, 28 апреля, 2024
Басты бетСайлау—2023Сайлаушылардың 80 пайызға жуығы дауыс береді

Сайлаушылардың 80 пайызға жуығы дауыс береді

Эльмира Әбілбекқызы: Сайлаушылардың 80 пайызға жуығы дауыс береді

Алматы облысы Жамбыл ауданында әкім сайлауы басталды. Аймақта 77 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Соның ішінде, Ұзынағаш ауылындағы нөмірі 264-ші сайлау учаскесі науқанға сақадай сай.

Мұнда барлығы 2966 адам тіркелген. Сайлау учаскесінің төрайымының сөзінше дауыс берушілердің 80 пайызға жуығы, келіп өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

«Бүгінгі сайлауға дайынбыз. Барлық бюллетень таратылды. 7 сайлау комиссиясының мүшесі мен 4 бақылаушы сайлаудың дұрыс өтуін толық қадағалайтын болады»,-дейді сайлау учаскесінің төрайымы Эльмира Әбілбекқызы.

Таңғы 7-де жұмысын бастаған сайлау пунктіне алғашқы сайлаушы да дауыс беріп үлгерді. Сәйкесінше, оған шағын сый-сияпат табысталды.

Айта кетейік, бұл күні үйінен дауыс беретін жандар да бар . Мәселен, 264-ші учаскеде дәл осындай 10 сайлаушы тіркелген. Олар түс ауа дауыс беретін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments