Сәрсенбі, Мамыр 18, 2022
Басты бет Жаңалықтар Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үйді толық сатып алу үшін қолдануға...

Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үйді толық сатып алу үшін қолдануға ниетті  

2021 жылдың 11 тамызындағы  жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 386 375 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,7 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,4 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,7%), Маңғыстау облысының (14,8%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір бөлігі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%), одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (0,9%),  «Altyn Bank» АҚ (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (0,01%) арқылы берілді.

Тұрғын үйге біржолғы төлемдердің ең танымал қосалқы мақсаты- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйге меншік құқығын алу (толық есеп айырысу). Олар орындалған өтінімдердің жартысынан астамын құрайды (51,2% немесе 197 978 өтінім). Екінші кезекте тұрғын үй ипотекалық несиесі бойынша қарызды ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыру шеңберінде) – 54 804 өтінім немесе орындалған өтінімдердің жалпы санының 14,2% құрайды. Үшінші ең танымал қосалқы мақсат – тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі бойынша ипотекалық қарызды ішінара өтеу – 45 213 өтінім  немесе орындалған өтінімдердің жалпы санының 11,7%.

Естеріңізге саламыз, біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) ұсынады. Уәкілетті операторға дәйекті құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады. Бұдан бөлек, азаматтардың  зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде өтінімде көрсетілген мақсатты, уәкілетті операторлар арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында өзгертулеріне құқықтары бар.

Салымшы, сонымен қатар аударылған соманы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 210,3 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.        

            Бұған қоса БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 27,5 млрд теңгеге келіп түскен 29 487 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома – 0,9 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 4.4 млрд теңге  қайтарылды. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінен танысуға болады.

Ағымдағы жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 4,8 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ  келіп түскен 2 395 өтініш орындалды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,0 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру» бөлімінде жарияланып отырады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Сіз   олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз. Айта кетейік, 4,8 млрд теңгенің 43,89% немесе 2,1 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 27,76% немесе 1,3 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 18,65% немесе 0,9 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 9,70% немесе 0,5 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі  негізге ала отырып есептелінеді.            

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments