Жексенбі, Қараша 27, 2022
Басты бет 101 хабарлайды Сақтану аса маңызды!

Сақтану аса маңызды!

Тұрғын үйлерді өрттен сақтандырудың маңызы зор. Өкінішке қарай, көпшілік жағдайда өрт  тұрғындардың өрттен сақтандыру ережелерін бұзуынан туындайды.

Тұрғын үйлерде немесе пәтерлерде қолдан жасалған пеш болса, оны мезгілінде жөндеп тұру керек. Жаңадан пеш салынса, бұл жауаты жұмысты сенімсіз адамдарға тапсыруға болмайды. От жағу үшін тез тұтанатын жанар – жағар майларды қолдану бірде болмаса бірде орны толмас қайғыға ұшыратуы мүмкін. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға, пешке сенімсіз отын түрлерін салуға болмайды. Пештен шығарылған күл, шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек.

Үлкен адамдар да кей кезде оттан сақтандыру ережелеріне мән бермей, жанып жатқан пешті балаларға сеніп қалдыруының салдарынан өрт шығып жатады.

Жоғарыда айтылған жайттардың басым көпшілігі тұрғындардың отты пайдаланудағы абайсыздығы салдарынан туындайды. Сондықтан әркім өз ісіне мұқият қарап, соңы өкінішке ұрындыруы мүмкін жайларды алдын ала ойласа дұрыс болар еді.

Ол үшін өздеріңіз оттан сақ болыңыздар. Балаларға сіріңке ойыншық емес екенін және де ойыннан өрт шыққан жағдайда олардың салдарының қаншалықты ауыр болатынын ерте бастап түсіндірген жөн.

Жамбыл ауданы ТЖБ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments