Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Цифрлы Қазақстан Студенттер академиялық демалысты қалай ала алады?

Студенттер академиялық демалысты қалай ала алады?

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының, кәсіптік училище мен колледждердің студенттері дәлелді себептермен 6 айдан 3 жылға дейін академиялық демалыс ала алады.

Әдетте академ-демалыс ұзақ уақыт емделу қажет болғанда, бала күтіміне байланысты немесе әскерге шақырылғанда сұралады. Бұл қызметті студент өзі оқитын оқу орнында ғана емес, ХҚО арқылы да рәсімдеуге болатынын көп адамдар біле бермейді.

ХҚО-ға жүгінгенде өзімен бірге жеке куәлік, өтініш және студенттің демалыс алу себебін растайтын медициналық комиссияның қорытындысы, әскерге шақыру қағазы немесе баланың туу туралы куәлігі секілді құжаттар керек.

Қызмет тегін және 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments