«Үкіметтің жақында өткен кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қазақстанның су саласына шетелдік технологиялар мен инвестицияларды тартудың маңызын тағы да атап өтті. Бүгінде біздің министрлік шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру үшін субсидиялар түрінде барлық қажетті жағдайды жасайды. Бұл іс-шаралар өткен жылы 158 мың гектар егіс алқабына су үнемдейтін жүйелерді енгізуге мүмкіндік берді», — деді су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры Берікбол Мәндібаев.