Воскресенье, 21 апреля, 2024
Басты бетUncategorized«СІЗ СӘБИЛІ БОЛАСЫЗ!»: ҚАЗАҚСТАНДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 5 000 БАЛА ДҮНИЕГЕ...

«СІЗ СӘБИЛІ БОЛАСЫЗ!»: ҚАЗАҚСТАНДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 5 000 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта 15 мың ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен есепте тұр. Бұл дегеніңіз, Қазақстанда әр алтыншы жұп бала сүюді аңсайды деген сөз.

Осы мәселені шешу үшін 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады. Себебі, 1 млн теңгеден асатын медициналық қызмет құнын әр отбасының қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне жасанды ұрықтандыру қызметіне (ЭКҰ) бірнеше рет жүгінетін отбасылар болады.

Жыл сайын Қордан 7000 ЭКҰ шараларына қаржы бөлінеді. Квоталар барлық 20 аймаққа бөлінеді. Қазіргі күні бұл тізімде Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, МӘМС шеңберінде жұмыс істетін Алматы қаласындағы 7 клиникада 2 мыңға тарта жасанды ұрықтандыру әдісі жасалды.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері МӘМС есебінен 20 мың әйел ЭКҰ шарасынан өтті. Осы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 5 млрд. жуық қаржыға 4 мыңнан астам экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі жүргізілді.
ҚР ДСМ мәліметі бойынша, аталған бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері «аңсаған» 5000 нәресте дүниеге келді.

ЭКҰ-ға кімдер қатыса алады және оған жолдаманы қалай алады, қайда өтуге болады, қандай жағдайда ЭКҰ жасауға болмайды – біздің инфографикалардан оқыңыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments