Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарСәтті аяқталған ота

Сәтті аяқталған ота

Міне сұрақ: «Өзге елдегі туыстарыңа өзің барасың, бірақ жалғыз оралмайсың. Сапарды дәл осылай қалай аяқтауға болады?» Бұл тұрғыда көптеген болжам болуы мүмкін. Бірақ, біз көпке созбай, әсерлі де қызықты оқиға туралы толығырақ баяндаймыз.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қырғызстаннан Талғар қаласына туыстарына қонаққа келген 1992 жылы туған М. есімді науқасқа жедел жәрдем бригадасы шақырылады. Науқас жүктілік кезеңінің 34-ші аптасында еді. Бұл оның үшінші жүктілігі болатын және болашақ үш баланың анасы өз үйінен жырақта босанамын деп ойлаған жоқ.
Науқастың жағдайы бағаланғаннан кейін акушер-дәрігерлер оған «ауыр Преэклапсия, асқынған HELP синдромы» диагнозын қойып, шұғыл босандыру туралы шешім қабылдады.
Бүгінде мерзімінен бұрын босану шала тууға әкелетінін, соның салдарынан неврологиялық асқынулар, тыныс алу мәселелері туындап, тіпті нәресте мүгедек болып қалуы мүмкін екендігінен көпшілік хабардар.
Себептер анық әрі түсінікті, бірақ дәрігерлер әрқашан ерте туу салдарын төмендетуге күш салады. Бүгінгі күні бірқатар зерттеулердің нәтижесінде, шала туған немесе салмағы төмен нәрестелердің мүгедек болуы — туу процесіндегі қолайсыз әрекеттерге айтарлықтай байланысты екені анықталды. Мұндай жағдайларды төмендету жолдарының бірі – жетілмеген ұрықты кесарь тілігі арқылы ұрық қабынан алу екені белгілі. Зерттеулерге сәйкес, өмірінің бесінші минутында қабықша тұтастығы сақталмай алынған нәрестелерге қарағанда, ұрық қабынан алынған балалар тобы Апгар шкаласымен бағалағанда жоғары.
Заманауи технологияның көмегімен жасалған күрделі операция МӘМС шеңберінде өтті. Оны Талғар аудандық орталық ауруханасының акушер-дәрігері Эльвира Талғатқызы жасады және оған дәрігер Олжас Жұмакелдіұлы мен анестезиолог Ботагөз Досымбаева ассистент болды. Анасы да, сәбиі де аман. Қазіргі уақытта Фазилә Қалиасқарқызы, Айжан Нұрланқызы және Елена Александровна секілді неонатологтар тобы баланы бақылауда. Осылайша, біз осы күрделі оқиғаның сәтті аяқталғанын айта келе, дәрігерлерімізге «Бәрекелді» дейміз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments