Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетUncategorizedТалдықорғандық онколог және кардиолог мамандар бірлескен операциялар жүргізуде

Талдықорғандық онколог және кардиолог мамандар бірлескен операциялар жүргізуде

Талдықорғанда бүйрек ісігі бар 67 жастағы науқасқа бірден үш күрделі ота жасалды. Алдымен облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары жүректегі митральды қақпақшаны ауыстырды, содан кейін онкологтар бүйрек пен сол жақ өкпенің бөлігін алып тастады. Операция 7 сағаттан астам уақытқа созылды.

«Мен 5-6 ай бойы әртүрлі ауруханаларға бардым. Алматыда маған ота жасауға бірнеше рет бас тартты. Содан соң осында келдім және бірден операцияны сәтті жасады. Облыстық кардиологиялық орталықта бірегей дәрігерлер жұмыс істейді және барлық медициналық қызметкерлер жақсы. Операциядан кейін өзімді жақсы сезінемін», — дейді Владимир Антонов.
Облыстық кардиологиялық орталық директорының айтуынша, екі клиниканың мамандары онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға барлық мүмкіндік бар екенін дәлелдей отырып, осы бағыттағы дағдыларды одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
«Қаламыздың онкологтарымен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибемізге сүйене отырып біз бұл күрделі операциядан бас тартқан жоқпыз. Атқарылған жұмыстың нәтижесі өте жақсы», — дейді облыстық кардиологиялық орталық директоры Нұрсан Сурашев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments