Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарТалдықорған қаласы «қызыл» аймақтың құрсауында

Талдықорған қаласы «қызыл» аймақтың құрсауында

Алматы облысының орталығында соңғы екі аптада коронавирустық инфекцияның 486 жағдайы тіркелсе, өткен тәулікте індеттің ілмегіне 25 тұрғынның ілінгені анықталып отыр,-деп хабарлайды «Jetisy Media».

Ағымдағы жылы, 13 қазандағы жағдай бойынша Талдықорған қаласы COVID — 19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бүгінгі таңда шаһар «ҚЫЗЫЛ» аймақта орналасқан.

2020 жылдың мамыр айынан бастап барлығы 12134 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген. Осы жыл басынан бастап қазірге дейін 10212 тұрғынның вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр.
Қалада вирусқа қарсы екпе жұмыстары әліде жалғасуда. Талдықорғанға барлығы 155975 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде бірінші компонент -77110 доза, екінші компонент -78865 доза.
Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 1-ші компонентпен – 58505, вакцинаның екінші бөлігінен– 54074 адам екпе салдырды.
Айта кетейік, қалада 24 егу кабинеті және 1 жылжымалы мобильдік топ жұмыс істейді,сондай-ақ » City plus» сауда орталығында қосымша 1 егу кабинеті ашылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments