Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарТеңгемен салымдар бойынша өтемақы туралы не білу қажет

Теңгемен салымдар бойынша өтемақы туралы не білу қажет

Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада- теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу тәртібі әзірленді. Ол 2022 жылғы 12 қыркүйекте қолданысқа енгізілді.

Өтемақы 10%-дық мөлшерде сыйлықақы алуға келісімін растаған және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге -депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушыларына өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді. Ол жөнінде Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

— жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;

— мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда). Сыйлықақы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйлықақы мыналарға:

— талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;

— шартты салымдарға;

— ағымдағы банктік шоттарға қолданылмайды.

Депозиттер бойынша өтемақы төлеу жеке тұлғаларға, резиденттерге және бейрезиденттерге, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға төленуге тиіс.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшыда түрлі банктерде депозиттер болса, онда сыйлықақы әрбір салым бойынша ол да 20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Салымшылар өздерінің теңгемен салымдары бойынша, егер:

— олардың салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;

— банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйлықақы алуларына болады.

Өтемақы қалай есептеледі?

Өтемақы төлеудің негізгі талабы – бұл 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында депозитте болған сома және ол жыл бойына өзгеріссіз қалуы керек. Яғни, салымшы депозиттен ақша алмауы керек!

Егер салымшы, айталық, депозиттен қаражаттың бір бөлігін алған болса немесе шотты толықтырса, онда 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда кезеңдегі депозиттегі ең аз қалдыққа өтемақы төленуге тиіс.

Маңызды! Мемлекеттен ең жоғары сыйлықақы алу үшін бір жыл ішінде – 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпан аралығында депозиттен қаражат алмаған жөн! Егер шот бойынша қозғалыстар болған болса, онда осы депозитте бір жыл ішінде тіркелген ең төменгі сома өтелуге тиіс. Өтемақы төлеу үшін арнайы жеке шоттар ашудың қажеті жоқ!

Өтемақы төлеу тетігін бірнеше мысалдармен талдап көрейік.

Егер 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейін салымшының өтемақы төленетін депозиттегі сомасы 5 млн теңгені құраса және осы кезеңде толықтырылмаса және алынбаса, онда оған 10% мөлшерінде, яғни 500 мың теңге мемлекет сыйлықақысы есептелетін болады.

Егер осы кезеңде салымшы депозитті толықтырса немесе өз қаражатын ішінара алса, онда 10% мөлшеріндегі сыйлықақы осы кезеңдегі операциялық күннің соңында тіркелген ең төменгі қалдыққа есептелетін болады.

Тағы бір мысал: салымшының өтемақы төленетін депозитінде 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңында 500 мың теңге болды. Бір жыл ішінде, 2023 жылғы 23 ақпанға дейін ол ақшаны ішінара алды, ал депозиттегі ең төменгі қалдық 200 мың теңге болды. Ол сондай-ақ депозитті толықтырды, нәтижесінде 2023 жылғы 24 ақпанда оның депозитіндегі сома 800 мың теңгені құрады. 10% мөлшеріндегі сыйлықақы 200 мың теңгеге есептелетін болады, себебі Қағидаларға сәйкес өтемақы ең төменгі қалдыққа есептеледі.

Банктер Проблемалық кредиттер қорынан (ПКҚ) және Қазақстанның орнықтылық қорынан (ҚОҚ) өтемақы сомасын алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде салымшылардың ағымдағы банктік шоттарына сыйлықақыны есептейді. Ағымдағы шот болмаған жағдайда өтемақы төленетін депозит ашылған банкке жүгіну қажет.

Егер депозит мерзімі 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап автоматты түрде ұзартылмаса не істеу керек?

Салым мерзімі аяқталғаннан кейін, егер ұзарту шартта көзделмесе, банк клиентке ақшаны оның ағымдағы шотына немесе жинақ шотына қайтарады.

Егер салымшының депозит мерзімі өткен болса және 2022 жылғы 23 ақпаннан 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі кезең аралығында ұзартылмаған болса, салымшы жаңа депозит ашу үшін банкке жүгіне алады (тек 2022 жылғы 1 қазанға дейін), бұл ретте салымшы мерзімі өткен депозиттің қалдығын оны жабу кезінде алмай, салымшының ағымдағы немесе жинақ шотына аударылуға тиіс.

Маңызды! Ең бастысы – бұл ақшаны осы шоттардан алмау. Яғни, ақшаның барлық қозғалысы салымшы ақшаны алып қоймай, бұрын депозит ашылған банктің ішінде болуы керек.

Салымшылар Қағидаға сәйкес өтемақы алу үшін ақшаны толық алуға жол берілмейтінін есте сақтауы қажет.

Салымшы өтемақы алуға келісімін қалай растайды?

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтемақы алуға келісіміңізді растау маңызды. Көрсетілген мерзімде банкке келісім туралы өтініш бермегендерге өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

Банктер салымшыларға өтемақы алу мүмкіндігі және өтініш беру арқылы келісім беру қажеттілігі туралы хабарлайды. Өтініш беру тәртібі мен тәсілін банк айқындайды.

Өтініште салымшылар мыналарды көрсетуі керек:

— тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

— жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

Өтініште салымшы:

— өтемақы алу үшін;

— ПКҚ, ҚОҚ және ҚДКБҚ (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына) ақпаратын, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты ұсынуға;

— өтемақы төлеу үшін ПКҚ және ҚДКБҚ дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін береді.

Маңызды! Өтемақы төлеу қағидалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «1477» нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгіне алады.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар өз құқықтарын қорғау үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады (консультациялар алу үшін –Агенттігінің call-орталығы «1459» немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы).

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz!-пен бірге арттырыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments