Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

ТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға дантист қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс?

Шұғыл жағдайда стоматологиялық қызмет 18-жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, 1,2 және 3 топтағы мүгедектерге, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелеріне, атаулы әлеуметтік көмек алушыларғы, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға және мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтімді жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға тегін болып табылады.
Көрсетілетін көмек түрлері:
✔ жансыздандыру
✔ салманы дайындау және орналастыру
✔ жансыздандыру арқылы тіс жұлу
✔ периостотомия
✔ абцесті ашу
Ал жоспарлы түрде стоматологтың қызметіне 18-жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тегін қол жеткізе алады.
Көрсетілетін көмек түрлері:
* жансыздандыру арқылы тіс жұлу
* салманы дайындау және орналастыру

Одан бөлек, мектептерде оқушыларға ауыз қуысын тексерістен өткізу, жарықтарды жабу (тістердің беткейінде орналасқан табиғи ойықтар) сияқты стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments