Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Түркі әлемінің мақтанышы - Сүйінбай» атты халықаралық семинар өтті

«Түркі әлемінің мақтанышы — Сүйінбай» атты халықаралық семинар өтті

Бүгін Қарақыстақ ауылында Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейініңі 25 жылдығына орай «Түркі әлемінің мақтанышы — Сүйінбай» атты халықаралық семинар өтті.
Семинарға ҚР Мәдениет министрінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Алматы облысының және Жамбыл ауданының құрметті азаматы Әскербек Абаев, белгілі қоғам қайраткері, Жазушы, академик, профессор Нағашыбек Қапалбекұлы, Қазақ радиосының бас редакторы, журналист Қойшығұл Мұстафаев, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық музейінің директоры Рысжан Аязбаева, белгілі ақын, баспагер Саят Қамшыгер, Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсенова, Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Әуелбек Ысқақов қатысты.

Қонақтар ең алдымен Сүйінбай Аронұлының кесенесіне тағзым етіп, құран бағыштады.
Содан кейін Ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, музейіне экскурсия жасады.
«Түркі әлемінің мақтанышы — Сүйінбай» атты халықаралық семинардың ашылуын аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы өзінің баяндамасымен ашты. Баяндама барысында аудан әкімі Жамбыл ауданындағы атаулы даталарға орай өткен мәдени іс-шараларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде аталып өткен бабалар рухына арналған түрлі шараларға атсалысқан азаматтарға өз ризашылығын білдіріп, келген қонақтарға Алғыс хаттар табыстады.
Семинарға қатысушылардың барлығы өз пікірін ортаға салып, С.Аронұлының ғибратты өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Ал, Түркия еліндегі Памуккале Университетінің профессоры, белгілі ғалым Нергис Бирай мен И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры, жазушы Әбдікәрім Мұратов семинарға өздерінің баяндамасын бейне үндеу (видео) арқылы жолдаған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments