Сейсенбі, Қыркүйек 27, 2022
Басты бет Цифрлы Қазақстан Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден қалай шығаруға болады?

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден қалай шығаруға болады?


Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀
1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀
2. Іздеу жүйесі арқылы «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;⠀
3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀
4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀
5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀
6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀
7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀

ХҚО арқылы:⠀
1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀
2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀
3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет – оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.⠀

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments