Пятница, 11 октября, 2024
Басты бет101 хабарлайдыТұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Өрттер адам өміріне қатер төндіріп,үлкен залал әкеледі.
Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтаған жөн:
• Электр қыздырғыш құралдарды қосылған күйде қалдыруға болмайды.
• Қуаттылығы күштібірнеше электр аспабын бір уақытта қосуға болмайды.
• Газдың кеміп қалуын тексеру
үшін ашық отты қолдануға болмайды.
• Сіріңкемен, оттықтармен, отпен және от шашулармен ойнауға болмайды.
• Зақымдалған электр өткізгіштерді қолдануға болмайды.

ӨРТ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Өртті сумен өшіру тиімсіз. Ең дұрысы, өрт сөндіргішті пайдалану, ал ол жоқ болған жағдайда:
Құммен өшіру керек. Егер өрт бір бөлмеде басталса, онда басқа
бөлмелерге және саты алаңына тарап кетпеуі үшін есігін мықтап жауып қою керек.
Өрт кезінде лифтіні пайдалануға тыйым салынады, өйткені оны кез-келген уақытта
тоқтатып қояды.
Егер өрт пәтерде шықса, ең қауіпсіз орынбалкон немесе терезенің алды. Балконның терезесін сақтықпен ашыңыз, кіріп келген таза ауадан жалын күшейіп кетуі мүмкін.
Өз бетіңізше шығу мүмкін болмаған жағдайда, көмек келгенге дейін сумен ылған ғандырылған қол орамалымен немесе киім жеңімен мұрындарыңызды және ауыздарыңызды жабыңыздар.

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.

Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments