Дүйсенбі, Қаңтар 30, 2023
Басты бет 101 хабарлайды Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік шаралары!

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік шаралары!

Біздің ауданымыздағы өрттердің көбісі тұрғын үйлер мен пәтерлерде болады. Көбінесе өрттер отты ұқыпсыз пайдалану, ақаулы электр аспаптарын пайдалану және «мас күйінде» темекі шегуден туындайды. Егерде үйіңізде өрт орын алған болса, төмендегі ережелерді ұстаныңыз:

Егер сіздің үйіңізде немесе сіздің аулаңызда өрт болса, ең бастысы – дереу өртке қарсы қызметін 101 және 112 номеріне хабарласып шақырыңыз. Ол санаулы минутты ғана қажет етеді. Үйіңізде телефон болмаса да, амалсыз жағдайлар болмайды: бақытсыздыққа ұшырағандығыңыз жайында дабылды терезеден немесе балконнан беруіңізге болады.

Тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз және Қолдан жасалған электрлік жылытқыш аспаптарды қолданбаңыз Мүмкіндігіңіз болса пәтерге кіретін есіктен шығып кетуге тырысыңыз. Жанып жатқан бөлменің есігін артыңыздан қаттырақ жабу өте маңызды, бұл оттың пәтердегі барлық бөлмелерге таралуына жол бермейді.

Егер кіреберіс есік жаққа баратын жол отпен және түтінмен бөгеттелсе, балкон арқылы өзіңізді құтқарыңыз Төменгі қабатқа балкон люгі арқылы немесе қосылған балкон арқылы көршілердің көмегімен өтуге болады. Құтқарылудың тағы бір жолы – терезе арқылы. Бөлмеге кіретін есікті шүперектермен және жиһаздармен тығыздаңыз. Сіздің көмекке шақырған айғайыңыздың естілгеніне көз жеткен соң, түтін аз мөлшерде тараған еденге жатыңыз. Осы түрде жарты сағаттай шыдауға болады. Барлық ұсынылған нұсқаулықтар «әр түрлі өрт оқиғаларына» берілген. Бірақ олар ең бастысын алмастыра алмайды – ең алдымен өртке қарсы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біліп, сақтау қажет.

Жамбыл ауданы ТЖБ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments