Вторник, 23 апреля, 2024
Басты бет101 хабарлайдыТұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Пеште от жағу кезінде тиым салынады:
От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға сонымен қатар кішкентай
балаларды жалғыз қалдыруға;
Отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы
қаңылтырға қоюға;
Пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді;

Егер сіз электр жылыту пешін пайдалансаңыз, мына қағидаларды біліуіңіз қажет:
электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет;
Электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне
кір кептіруге болмайды;
Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды
міндетті түрде өшіру керек;
Уақытша метал пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орындалғанына көз жеткізіңіз. Метал пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2 метр аз болмауы керек.
Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы      12 см – асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Метал пештері ағаш құрылымдар мен жиғаздан 1 метр – жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 метр қашықтықта орнату керек.
Айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады. Осыларды бұлжытпай орындау сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туысқандарыңыздың және жақын адамдарыңыздың өмірімен денсаулығын сақтайды.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101» және «112» телефонына хабарласып, болып жатқан жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments