Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ – 250 МЫҢ ТЕҢГЕ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ – 250 МЫҢ ТЕҢГЕ

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары айтты.

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бірреттік төлемді 250 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев кезектен тыс сессия барысында мәслихат депутаттарының сұрағына жауап берді.

«Бастапқыда бұл жоспар келесі жылы қаралатын болған. Алайда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыны үнемдеу есебінен және Тәуелсіздік күні қарсаңында ағымдағы жылы «желтоқсандықтарға» төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды», — делінген алалық әкімдіктің хабарламасында.

Еске салсақ, жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар ҚР Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге төлем алып келді. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.

Қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments