Пятница, 29 марта, 2024

Тәуелсіздік таңы

Тəуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тəуелсіздік – əлемдегі ең құдыретті сөз. Осы 30 жыл уақыт ішінде Қазақстан əлемде жеке дара, дербес ел екенін дəлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рəміздері мен ұлттық құндылықтары, мəдениеті мен салт-дəстүрі бар тəуелсіз, зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсан күні əлем картасында жаңа, жас мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласы еркіндіктің қандай екенін айшықтай түскені рас.

Бүгінгі жас буын тəуелсіз мемлекетте білім алып, замани ой қалыптастыруда. Уақыт ағымымен дамып, түрленіп келе жатқан жас мемлекетті бүгінде алтықұрлық біледі десек қателеспейміз. Қандай да бір істі бастамас бұрын, оның нəтижесі қалай болатынына аса мəн береміз. Себебі ол істе келешектің еншісі бар. Олай болса, тəуелсіздік əр қазақтың жүрегіне сенім, бойына күш-қуат ұялатқаны анық. Тəуелсіз елдің азаматы қашанда еңсесін тік ұстап, болашаққа үмітпен қарай алмақ. Көпұлтты ел бола тұра сол елдермен тығыз ынтымақ орнатып, елдің жарқын болашағы хақындағы кей мəселелерді біріге шешіп отырғанымыз біздің қонақжай ел екендігіміздің бірденбір айғағы. Кешегі ата-бабалар мен саналы ғұмырын елі мен жеріне арнаған ұлт белсенділерінің арманы егемен ел болу еді. Сол арман-мақсат орындалды. Бүгінгі тəуелсіз ел уақыт көшіне ілесіп, əр бағыттағы өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануда жəне дамыған мемлекеттермен бəсекелестікте еркін ел ретіндегі дара болмысын көрсетуде.

ркін ел ретіндегі дара болмысын көрсетуде. «30 жыл. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің маңызды белесі. Тарих мінберінен қарағанда отыз жыл – көзді ашып жұиғандай қас-қағым сəт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас бір дəуір деуге болады. Ұлт көші сол жолмен жүруін тоқтатпақ емес. Азаттығымыздың айшықты белесіне көтерілгенде əрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?» деген сауалдың толғандырары анық. Тəуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның атқарған миссиясы ғасыр жүгін арқалап тұр. Яғни, азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі дер едім. Себебі, осы бағытта Елбасының басшылығымен мемлекеттің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты» деген еді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Олай болса, ендігі көтерілер белестің іргетасын саналы, салиқалы ұрпақ қалыптастырады деген сенім мол.

 Р.АЙТЖАНҚЫЗЫ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments