Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетСайлау—2023Халық өзгерісті талап етіп отыр

Халық өзгерісті талап етіп отыр

Бүгін  Парламент  Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Шымкент қаласындағы «Нұр Авто» базарынан бастады. 

Асхат Асылбеков Шымкент жұртшылығына партияның сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжей таныстырып, халықпен  пікір алмасты.

– Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік бағытқа басымдық береді. Қазақстандықтар бітпейтін қарыздан, өтірік айтатын биліктен шаршады. Халық жаңа Қазақстанда қолайлы өмір сүргісі келеді. Біздің партия мемлекетімізде қалыптасқан жүйенің мәнін түбегейлі өзгерту қажет деп санайды, – деді ол.

Спикер Президенттің реформалары әділетті қоғам құрудың алғышарты екенін тілге тиек етті. Халық партиясы азаматтардың құқығы мен бостандығы барлығынан жоғары тұратын нағыз халықтық мемлекет құруды қолдайды. Партияның  мақсаты: елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!

– Біздің партияның басты міндеті – қуатты орта тап құру және жұмыссыздықты, кедейшілік пен қайыршылықты жою. Сонда ғана қоғам бақытты, ал мемлекет күшті, экономикалық тұрақты және тәуелсіз болады. Бұл үшін салық қалыптастыру тәсілін өзгерту қажет. Біз – әрбір отбасының құрамын ескере отырып, азық-түлікке, денсаулық сақтауға, коммуналдық қызметке, білімге,  автожолдарға нақты шығындар мөлшерінде салық салынбайтын және алым алынбайтын ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізуді қолдаймыз, – деді Асхат Асылбеков.

Жиында шаһар жұрты көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Мұнан соң спикер Қазығұрт ауданына барып, халықпен жүздесті.

–  Халық партиясы қалалар мен ауылдардағы таза ауа мен әдемі сәулеттік келбетті қолдайды. Менің сіздермен кездесудегі басты мақсатым –  ауылдағы ағайынның ахуалын көзбен көру. Білесіздер, партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға негізделген. Біз халықтық Үкімет құруды қолдаймыз, – деді ол.

Спикер көпбалалы отбасылар мен мүгедек баласы бар аналарға қатысты партияның көтерген мәселесін тарқатып айтты.

–  Халық партиясы елдімекендерді дамыту  аясында ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынады.  Бұл қадам қалалардағы көптеген әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жұмыссыздықты, балабақшалар мен мектептердегі орындардың жетіспеушілігін шешеді. Сондай-ақ, біз жастардың проблемаларын назардан тыс қалдырмадық. Мемлекет жастар мен жас отбасыларды қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеуі керек, – деді Асхат Асылбеков.

Партия өкілі халыққа қандастар мәселесі мен білім, денсаулық салаларына қатысты партияның ұсыныстарын айтты. ҚХП ықпалымен билікте атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы сайлауда партия халықтың қолдауымен жеңіске жететінін мәлімдеді.

ҚХП Баспасөз орталығы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments