Суббота, 9 ноября, 2024
Басты бет1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніЫнтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын

Ынтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын

Ештеңеге таңғалмайтын уақыттың туғаны рас. Біз бүгін барлығынан хабардармыз, барлығын көріп отырмыз. Сол көріп отырған дүниемізге тәуелдіміз. Кешегі керілетін кең заман жоқ, бәріне үлгіріп қалуға тырысамыз. Еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін бүгінгі ақпараттық жүйені жақсы түсінеді. Сондықтан айналадағы, әлемдегі құбылыстың барлығы алақанға салғандағыдай анық. Тек өткен күндерге мойын бұрғанда жаңа күннің тағы бір мерекесі келгенін көріп қайран қаласың.

Кеше ғана аталып өткен бұл мейрам өзгеріссіз сол уақытта айналып келеді. Ол мереке – «қазақстан халықтарының бірлігі күні деп аталады. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекеттің өзге этностармен өзара ынтымақтастықта, бірлікті қарым-қатынаста болуына аса мән беріп келеміз. Саяси астары бар болса да қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттарды нәсілге бөлмей, бір үйдің баласындай, тірлік кешуге шақырған мерекенің маңызы әрине зор.

Әлемнің кейбір аймақтарында тұрғындардың әлі күнге дейін соғыстан көз ашпай жүргенін ойласақ, біздің еліміздегі ынтымақ пен бірлікке іштей шүкірлік ететініміз шындық. Ұлтаралық қатынасты нығайтып, елдегі тыныштықты сақтаумен қатар, әрбір ұлттың болмысымен жақын танысу үшін елімізде этномәдени орталықтардың жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етуге болады. Осыған орай, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылғанына да біраз уақыт өтіпті. Ондағы мақсат – Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық ерекшеліктеріне зер салу, оларды құрмет тұту.

Қалай десек те, болмысымызға сіңген, өмір сүру салтымыз, әдет-ғұрпымызда о бастан бар мінезден алыстай алмасымыз анық. Күндегісі күнде өзгеріске ұшырап жатқан идея, жаңа үрдіс, жаңа бағыттармен толыққан уақыттың кілт бұрылуды құптамайтынын да халықтың түсінгені абзал ғой дейсің. Жаңашыл заманның талаптарымен қатар, өткен өмір бедерін жадымыздан шығармауға тиіс айтулы мерекелерінің аталып өтуінің өзі кешегі тарихтаг қалған теңдессіз сый іспеттес. Қазақтың байтақ даласын мекен еткен 130-дан артық ұлт өкілдері бірлікте тіршілік кешіп отыр. Мерекенің  мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астында шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар бұл мерекеде ән салып, би билеп  жалпыхалықтық мейрамда дәстүр салт-дәстүрге бай ұлт екенін көрсетеді.  Сонымен қатар,, бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым екенін айта кету керек. Бұл мереке қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінң басын біріктіріп, ортақ үй аталған Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуді.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық мәселелерді шешудің әлемдік тәжірибесіне еніп отыр. Бұл күні барлық балабақшалардан бастап, сектеп, унивеситеттерде, колледждер мен жекеменшік кәсіпорындар, мемлекеттік ұйымдарда айтарлықтай атап өтіледі.

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасқан. Олай болса, бүгінгі күні статистика бойынша Қазақстанда тұрып жатқан сол ұлт пен ұлыстар өмір сүріп жатқан ортада бұл мереке береке мен бірлігі, бейбітшілігі мен ынтымағы жарасқан елдің татуылығының белгісі.

                                                                       Роза Айтжанқызы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments