Среда, 17 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарІле ауданында өкпесі 90% - ға зақымданған жүкті әйел сауығып кетті

Іле ауданында өкпесі 90% — ға зақымданған жүкті әйел сауығып кетті

Алматы облысында алғаш рет ауданда өкпесі толық зақымданған жүкті әйел сауығып шықты. Емдеу экстракорпоральды мембраналық оксигенацияны қолдану арқылы өтті, деп хабарлайды « Jetisy Media» «бесінші аймақ» сайтына сілтеме жасап.

Өкпесі 90%-ға зақымданған жүкті әйел COVID-19 диагнозымен Іле аудандық орталық ауруханасына түсті.
Аурухана директоры Бауыржан Ысқақ әйелдің өмірін ЭКМО аппаратының көмегімен аман алып қалғанын айтты.
«9 тамызда бізге 38-39 апта жүктілік мерзімі бар 27 жастағы әйел өте ауыр халде түсті. Оған шұғыл операция жасап, бала аман — есен туылды. Бірақ әйелдің жағдайы нашарлады, қанды оттегімен байыту үшін науқасты ЭКМО аппаратына қосуға тура келді. 31 күннен кейін әйел өз бетінше дем ала алды», — деді аурухана басшысы.
Төрт баланың анасы Баянсұлу Амангелдиева жансақтау бөлімінің медицина қызметкерлерінің көмегімен қайтадан өз бетінше дем алып, қозғалатын хәлге жеткен.
«Мен 47 күн реанимацияда жаттым. Сол кездегі бар арманым балаларымды қайтадан көру болды. Ауырмай тұрып, қоғамдық орында жүргенде бетперде кимейтінмін, ол кезде бетпердемен ауа жетпейтін сияқты көрінген еді. Індет жұқтырып, дем жетпей, тынысым тарылған кезде, сақтық шараларын сақтамағаныма өкіндім. Өзімнің бейқамдығымның арқасында ауруханаға түсіп, туыстарым мен дәрігерлерді әуре-сарсаңға салдым. Бүгінде құлан-таза айығып, отбасыма оралдым. Барын салып, мені емдеп шыққан ақ халаттыларға алғысым шексіз»,-дейді ол.

Айта кетейік, науқас ауруханада 58 күн бойы ем алған. Оның 47 күнін реанимацияда өткізген. Одан бөлек, Іле ауданындық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 80%-ға қабынған 5 жүкті әйелді індеттің ілмегінен аман алып шыққан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments