Среда, 21 февраля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Ғалымдар мен сарапшылар осындай бастама ұсынып отыр. Яғни, тұтас ел бойынша уақытты бір сағатқа ауыстыру қарастырылып жатыр. Бүгін Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Сонымен тараптар қандай шешімге келді?

Қазақстанда қазір екі уақыт белдеуі бар. Елдің басым бөлігінде бір сағатқа алда, ал батысында керісінше кеш. Бұрыннан солай. Бірақ, соңғы кезде қазақстандықтар осы уақытқа қатысты мәселені жиі көтере бастады.

Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, ғалымдар мен сарапшылар мәселені бір жыл бойы зерттеді. Қазіргі елорда уақыты табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Мұның салдары — биологиялық ритмдар бұзылып, адам денсаулығына кері әсер етеді. Ғалымдар осындай тұжырымға келді.

Болат Нұрхожаев, Қолданбалы хронобиология маманы:

 — Буыны енді қатайып келе жатқан жастардың адами капиталы, келешек оң өзгеріс береді.

Медицина саласының мамандары да бұл бастаманы қолдаған. Ал сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуін орнату денсаулықтан бөлек, барлық өңір тұрғындары арасындағы уақыт кедергілерін жоюға ықпал етеді деп отыр. Жұмыс тобы халықаралық тәжірибені де зерттеген. Әлемнің 175 елінде бірыңғай уақыт белдеуі орнатылған. Осылайша, ғылыми дәлелдер мен қорытындыларға негізделген есеп дайындалып, бекітілді. Құжат енді тиісті мемлекеттік органдарға жолданбақ.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

— Сонымен елорда уақыты бойынша қазір елдің басым бөлігінде сағат кешкі 19.00. Ал батыста, яғни, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Маңғыстау және оңтүстіктегі Қызылорда облысында бір сағатқа ерте. Демек, 18.00. Егер ғалымдардың ұсынысы қолдау тапса, онда елдің барлық өңірінде бірыңғай уақыт белгіненеді. Яғни, қазір сағат кешкі жеті емес, 6 болмақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments