Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетUncategorizedҚазақстанда мобильді аударымдармен төлеуге тыйым салынды

Қазақстанда мобильді аударымдармен төлеуге тыйым салынды

Кейбір сауда нүктелерінде клиент аударым арқылы төлей алмаса немесе төлегісі келмесе сатып алушылар POS терминалын беруден бас тартады. Кәсіпкерлер құрылғы жұмыс істемейтінін алға тартып мобильді нөмірге ақша жіберуді сұрайды.

Салық кодексі бойынша Қазақстандағы барлық ақшалай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс: бұған қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен төлеу жатады. Мобильді төлемдерге Банктің қосымшасындағы QR-код бойынша рұқсат етіледі.
«Бақылау-касса машинасын қолданбағаны үшін айыппұлдар қарастырылған. Бізде «Азаматтық бақылау» акциясы бар, оның аясында кез келген салық төлеуші оның POS-терминалмен төлем қабылдамағаны фактісін бейнежазбаға түсіре алады және осы деректер бойынша алдағы уақытта да шаралар қабылдайтын боламыз», — деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің бас сарапшысы Данат Қазембаев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments