Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетСпортҚазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

Литваның Каунас қаласында бокстан өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалында Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығып, оның алтауы алтын медаль иеленді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

Мәлімет бойынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтты.

63,5 келі салмақта ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартып, Жандос Қыдырәлиев тағы бір алтын медальды иеленді.
67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай Польша өкілі Кирилл Глобенкодан басым түсті.
71 келі салмақта отандасымыз Фарух Тоқтасынов соңғы жекпе-жегінде украиналық Максим Молоданны жеңіп кетті.
75 келі салмақта Азамат Бектас тағы бір Польша өкілі Михал Ярлинскиді сан соқтырса, 80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет британдық Рамтин Мусадан басым екенін дәлелдей алды.
Ал шешуші жекпе-жекте Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Алмат Әбдуәли (60 кг) және Абзал Құттыбеков (86 кг) төрешілер шешімімен қарсыластарына жол берді.

Осылайша, жерлестеріміз аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медальге ие болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments